Шығыстағы аңшыларға жабайы құс аулауды уақытша тоқтату ұсынылды
Бүгінде шығыс өңірінде күзгі аңшылықпен айналысатын 56 шаруашылық бар. Павлодар облысымен шектесетін Бесқарғай ауданының аңшылары атқан үйректерді аумақтық инспекция мамандары Нұр-Сұлтан қаласындағы арнайы зертханаға жөнелтті. Жалпы еліміздің шығысындағы өзен-көлдерді жүзден аса құс түрі мекендейді.
Талғат Рахымжанов, Орман және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:
- Ресей мемлекетімен шекралас аудандарда аңшылық ұйымдарға мониторинг жүргізілу тапсырылған. Қазіргі күнде ешқандай жабайы құста құс тұмауы анықталған жоқ. Қараша айының аяғына дейін аңшылық маусым ашылған. Оларға тыйым сала алмаймыз. Бірақ оларға ұсыныс ретінде аңшылықты тоқтата тұруды сұраймыз.