ҚКХП: Қашықтан оқыту жүйесі тиімсіз
Саяси ұйым өкілдерінің пікірінше білім берудің бұл тәсілі тиімсіз әрі оқушылардың білім деңгейін төмендетеді. Сондықтан санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, балалардың мектепке барып білім алуына рұқсат беру керек деп есептейді. Түркістанда ҚКХП өкілдері «Партия дауысы» акциясын ұйымдастырды.
Ералхан Ахмет, ҚКХП облыстық комитетінің бірінші хатшысы:
- Мысалы зейнет жасы 63. Көбіне ер адамдар 64 жасында дүниеден өтіп кетеді екен. Сонда бір-ақ жыл рахатын көреді. Соны біз қайтадан 60 жасқа түсірсек деп жатырмыз. Біздің партиямыздың саясатын, қандай бағытта жүріп жатқанын олар білуі керек. Көп адам кешке дейін базарда, жұмыста жүреді. Теледидар көруге уақыты да жоқ. Біз белсенділермен бірге халыққа осыны түсіндіріп жатырмыз.