Хабар телеарнасы

Алматы қаласы мен Түркістан облысында карантин талабы жиі бұзылады

Ең көбі Алматы қаласы мен Түркістан облысында. Қостанай облысында да айыппұл көп салынған. Ал Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының тұрғындары санитарлық талаптарды мейлінше сақтауға тырысады екен. Карантин режимін бұзу деректерінің 8 мыңы бизнес нысандарда анықталса, 7 мыңы – тұрғындар. Жалпы соңғы үш айда елімізде санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 1 млрд 200 млн теңге айыппұл салынған екен.