4 қарашада Қарағанды облысында санитарлық бекеттер орнатылады
Ал бір күнде 245 адамнан COVID-19 анықталған. Облыста 13 бағытқа санитарлық өткізу-бақылау бекеттері қойылды. Мақсат – қалаға кіріп-шығатындар туралы мәлімет жинап, жолаушылардың денсаулығын бақылау. Оған 50-ден астам полицей кезекшілік етеді. Кешеден бері бекеттерден жеті мыңдай көлік өткен. Пандемия басталғалы бері өңірде вирус жұқтырғандар он мыңнан асты. Қазір 43 адамның жағдайы ауыр, үш адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Індеттің өршуіне тұрғындардың қауіпсіздік шараларын ескермеуі себеп болып тұр. Ал Өскеменде ПТР анализ тапсыру орындарында ұзын-сонар кезек. Cебебі бүгіннен бастап ұшақ пен пойызға тек қолында ПТР тест нәтижесі барлар ғана отыра алады. Қалада бар-жоғы бір ғана зертхана жұмыс істейді.
Ал Қарағанды облысында 4 қарашада күні түнгі 00:00-ден бастап санитарлық бекеттер орнатылмақ. Әзірге үш бекет ауру өршіп тұрған өңірлермен шекаралас аймақтарға қойылады. Яғни Қызылорда – Павлодар жолының Молодежный кенті маңы, Павлодар – Баянауыл – Бұқар жырау – Қарағанды жолының Үміткер кенті маңы және Қарағанды – Аягөз – Бұғаз автожолының 271-шақырымы Семей қаласы бағытына орнатылады. Аталған бағыттар бойынша құқық қорғау органдарына, медицина қызметкерлері мен арнайы қызметтерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз етуші ұйымдардың қызметкерлеріне, жүк пен транзиттік көлікке, сондай-ақ облыс тұрғындарына шектеу болмайды.