Көкшетауда әуе қатынасы тоқтап, жолаушылар пойызы күнара жүріп жатыр
Аймақтағы шектеу шараларының бірі осындай. Мәселен, Көкшетауға күн сайын қатынайтын «Қызылорда-Көкшетау», «Алматы-Петропавл», «Қостанай-Қарағанды» және «Павлодар-Пресногорск» бағытындағы пойыздар қазір тек күнара жүреді.
Вокзал басшысының айтуынша, пандемия басталғалы бері жалпы жолаушылар ағыны 4 есеге азайған. Мәселен, бұрын Көкшетау вокзалынан тәулігіне 2 мың адам өтетін болса, қазір ары кетсе күніне 500 адам ғана келіп-кететін болған. «Дегенмен сақтық шараларын бәсеңдетуге болмайды», – дейді мамандар. Алайда пойызбен келген жолаушыдан ПТР анықтамасы талап етілмейді.
Роза Арыстанқызы, теміржол вокзалының басшысы:
– Инфекцияның алдын алу шаралары жүріп жатыр. Осы вокзал ғимаратына қолдарында билеті бар жолаушыларды ғана кіргіземіз. Кіреберісте температурасын өлшейміз. Кассаның алдында арақашықтық сақталады. Барлық жерде санитайзерлер орналасқан. Ғимаратты күніне 4 рет 15 минуттан желдетеміз.