Б.Уәли: Маңғыстау облысында туризмді дамыту – Үкіметке жүктелген маңызды міндеттердің бірі
Сондықтан бүгін Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында осы тақырыпқа қатысты жазба қалдырды.
Маңғыстау облысында туризмді дамыту – Үкіметке жүктелген маңызды міндеттердің бірі. Бүгінде бұл бағытта жұмыстар басталып кетті. Бес жұлдызды қонақүй салынып, жайлы мейманханалардың тұтас желісін құру жоспарланып отыр. Мұндай жүйелі жұмыстар аймақтың туристік тартымдылығын арттыратыны сөзсіз. Жақында «Бозжыра» табиғи қорығының жанынан қонақүй салу жобасы ұсынылды. Өкінішке қарай, қазіргі кезде қорықтың айналасындағы туризм табиғатты қорғау шараларын сақтамай, бейберекет дамып жатыр. Бұл осы ерекше табиғат қорығына орасан зиянын тигізуде. Президент экологиялық туризмді өркениетті жолмен дамытуды қолдайды. Ол үшін қажетті инфрақұрылым, ең алдымен, жайлы қонақүйлер қажет. Сондықтан Мемлекет басшысы Үкіметке қонақүй салу жобасын қайта қарауды тапсырды. Бірақ бұл жоба осымен тоқтайды дегенді білдірмейді. Қоғамдық кеңестердің, эколог сарапшылардың және мемлекеттік ведомстволардың ой-пікірлері ескеріліп, қонақүй салуға арналған басқа ыңғайлы жер таңдалады.