Еліміздегі ауасы ең лас қалалар белгілі болды
Нәтижесінде Нұр-Сұлтанда шекті нормадан асып кетудің 973 жағдайы тіркелсе, Алматыда бұл көрсеткіш 726-ға жеткен. Ал өндіріс ошағы Өскеменде ауаның ластануы 786 рет байқалған.
Кәсіпорындар көп шоғырланса да Қарағандыда 187 жағдай тіркеліп отыр. Қызылорда және Петропавл қалаларында бірде-бір ластаушы заттардың нормадан асып кету жағдайлары болмаған. Ал өзге өңірлерде ластану елеусіз мөлшерде асқандығы белгілі болды.