Partners Media Group баспа үйі қызметін кеңейтуде
Әсіресе digital-саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл – Partners Media Group-тің Қазақстанда шығаратын ірі басылымдарының цифрлық нұсқасы. Ал өз кезегінде медиа-холдингтің жетекшілері: «Бізбен іскерлік қарым-қатынас орнатқан серіктестер толағай табысқа қол жеткізетіні сөзсіз», – дейді.
Partners Media Group баспа үйі осыдан 22 жыл бұрын ашылған. Оның негізгі бағыты әйелдер мен ерлерге арналған журналдар шығарады. 2002 жылы Vogue Ресей журналының ішінде Elite Woman қазақстандық қосымшасы ретінде шыққан. Бұл халықаралық журналдармен бірлесе отырып, Қазақстандағы сән әлемі туралы жазған алғашқы басылым болатын. Бүгінгі таңда баспа үйінің еншісінде Robb Report, ELLE, Esquire, Cosmopolitan және Harper's Bazaar брендтері бар.
Александр Сандемиров, Partners Media Group-тің digital директоры:
- Partners Media Group – еліміздегі үздік медиа-холдингтердің бірі. Біз қалың оқырманға таныс әлемдік журналдарды шығарумен қатар, олардың digital нұсқасында жүргіземіз. Әлеуметтік желіні есептемегеннің өзінде біздің платформаларымыз айына 2 млн-нан астам қаралым жинайды.
Соңғы екі жылда холдинг өз брендтерінің digital нұсқасын дамытып келеді. Бүгінде баспа үйі – елдегі озық digital-холдинтердің бірі. Мысалы, harpersbazaar.kz, esquire.kz, cosmopolitan.kz, elle.com.kz және robbreport.kz оқырманға жақсы таныс. Биыл баспа үйі 39 жарнамалық арнайы жобаны жасап көш бастады. Арнайы жоба жарнаманың тиімді тәсілдерінің бірі саналады.
Константин Герлих, Partners Media Group-тің коммерциялық директоры:
- Арнайы жоба – әрбір клиентке ерекше көңіл бөлу деген сөз. Оның құралдары көп. Ол видео немесе фото-контент болуы мүмкін. Оған блогерлерді немесе Қазақстанның жұлдыздарын тартуға болады. Мұның нәтижесі жақсы. Сайттағы дүниені журналдарға жариялай аламыз. Сондай-ақ әдемі видеоролик түсіретін біздің продакшнды айта кету керек. Олардың қаралымдары жоғары.
Баспа үйінің серіктестері – ірі және әлемге әйгілі брендтер. Partners Media Group олармен қарым-қатынасты келесі жылы да жалғастыратын болады.
Авторлары: Ұлан Нарынбек, Әбен Нарымбаев