Хабар телеарнасы

Семейде криминалды-тергеу полигоны ашылды

Ол үшін арнайы алаңдар даярланған. Тәлімгерлер қарапайым пәтерді оқу-жаттығу жұмыстары үшін дайындап, түрлі қылмыстың ізін қалдырады.

Жас тәртіп сақшысы оқиға орнын зерттеп, тергеу әдістерін қолдануы тиіс. Мұндай үлгіде тәжірибеден өткен жас полицей біліктілігін шыңдайды. Полигон алаңында пәтерден бөлек, дүкен мен автокөлік, тіпті көшеде болуы мүмкін қылмыстық істер сараланады. Барлық нысандар қажетті жиһаздар және құралдармен жабдықталған.

Айжан Ниязғали, студент:

– Бұл практика маған өте қатты ұнады. Бұл жерде адамның мәйітін қалай зерттеуді, қол іздерін, қан іздерін қалай алуды үйрендік және жол апаты болған кезде қалай арақашықтықты сақтамауды сол бойынша жақсы мәліметтер берді. Өзіме керекті мәліметті алдым. Оқу бітіргеннен кейінгі жұмысыма өте пайдасы тиеді деп ойлаймын.

Сұңғат Әділбеков, Семей қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары:

– Қылмыстарға өзіміздің тергеушілер жедел тергеу тобымен шығады. Сол жерде дұрыс, толық түрде объектівті түрде қарап, талдау жүргізеді. Өзіміз жас мамандарды осындай және полигонда оқыту оқу дәрісін өткіземіз. Олардың өздеріне және Заңға сәйкес қалай оқиға орнына келіп, қалай, қандай жағдайда хаттама толтыру керек, қандай іздерді алу туралы секілді тағы да басқа осындай дәрістер өткіземіз.