«Полигон» телехикаясы көрерменнің жүрек қылын қозғады
Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов және Кешірім Бозтаевтар Кеңес Үкіметінің билігін осындай шешім қабылдауға көндірген.
Ойын баласы ғой. Сынақ жүргізу үшін халықты жаппай көшіруін қызық көргендіктен осылай қуанып жүр. Фильм сол кездегі қарапайым халықтың тұрмысынан бастап, қоғам белсенділері, дәрігерлер, биліктегі азаматтардың әрекетін топтастыра отырып баяндайды.
Сексенінші жылдардың аяғы кейіпкерлер жарылыстың дүмпуін ғана емес, оның зардабын сезе бастаған кез болатын. Ащы шындық әр жерде айтыла бастады.
Өкініштісі, бұл дерек бір кабинеттен әрі асқан жоқ. Әскерилер, Мәскеу оның бәрін құпия ұстады.
Бақдәулет Кенжалиев, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты:
– Қарап шықтым. Түнімен ұйықтамадым. Тарихи шындық көрсетіледі. Соңында тіпті өзінің дұрыс істемегенін генералдың өзі біліп, өзін-өзі атуға алып барады ғой. Соның өзі қандай керемет түсірілген бәрі.
Жобаның сәтті шығуы – кәсібі шығармашылық топтың еңбегі. Фильмнің Бас продюсері белгілі журналист – Ерлан Бекхожин, ал режиссері – Ахат Ибраев. Айта кетейік, туынды «Хабар» Агенттігінің тапсырысы бойынша әзірленді. Оның түсіріліміне актерлердің сыртында 300-ден аса адам қатысқан.
Ғалымқайыр Мұтанов, ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы :
– Осы уақытқа дейін Семей полигоны туралы көп документальды фильмдер шықты. Оны көркем фильмге айналдыру уақыттың талабы деп қабылдаймын. Жастарымызға шындықты көрсету керек, сол шындық арқылы тәрбиелеуіміз керек.
Бұл жоба өткен мерекелік демалыс күндері «Хабар» арнасынан көрсетілді. Қазір телехикаяның алты бөлімі де «Ютубқа» орналастырылған. Аз уақыттың ішінде оны жүз мыңнан астам қолданушы қарап үлгеріпті.
Авторы: Ердәулет Ыбырайұлы