Хабар телеарнасы

«Абай» сайтының тұсаукесері өтті

Порталда ұлы ойшылдың өмірбаяны, шығармашылығы, абайтанушылардың еңбектері бар. Сонымен қатар ақын туралы естеліктер, ғылыми басылымдар мен деректі фильмдер орналастырылған. Ақпараттық-танымдық сайт қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеді. Жоба авторлары «Абай» сайты ақын шығармашылығының ғылыми талдануына сүбелі үлес қосады деген сенімде.

Сондай-ақ жиында «Абаймен сырласу» деген атаумен әдеби-сазды кеш өтті. Мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков ұлы Абайдың қазақ поэзиясында алар орны мен ақын арманы жайлы ойымен бөлісті.

Динара Кнабаева, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана пайдаланушыларға қолдау көрсету қызметі жетекшісінің орынбасары:

– Жобаның мақсаты – ақынның шығармашылығын толық насихаттау. Ғылымға енді сусындап кіріп жатқандарға мәліметпен толық қолдау көрсету және әлемнің түкпір-түкпірінде сол сайтқа кірушілерге ақынның шығармашылығын толық насихаттау мақсатында ашып отырмыз.