Қарағанды облысында 38 отбасы баспаналы болды
Ұзақ жыл кезегін күткен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына пәтер кілттері тапсырылды.
Тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған. Бұл мақсатқа қазынадан 117 млн теңге қаржы бөлінген. Айта кету керек, биыл бірінші рет ауданда көпқабатты үйлерден бөлек екі жанұяға арналған жеті жер үй бой көтерді. Әрқайсының аумағы орташа есеппен 80 шаршы метрден асады. Бөлмелері кең, заман талабына сай жасалған. Жыл соңына дейін тағы 48 отбасына пәтер берілмек. Қазіргі күні Жаңарқа ауданы бойынша 500-ден астам адам үй кезегінде тұр.
Мөлдір Жанбекова, Жаңаарқа ауылының тұрғыны:
- Өте қуаныштымын, ризамын. Осы мереке қарсаңында бізге тамаша сыйлық сыйлап отыр. Көптен күткен арманымыз орындалды.