Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күннен-күнге өсіп жатыр
Аймақтар бойынша айтсақ, Павлодар облысында 155, Ақмола облысында 99, ал Алматы облысында 94 дерт жұқтырған. Қостанай мен Атыраудағы көрсеткіш те жоғары. Әрқайсысында 70-тен асады. Ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, сәйкесінше, 125 және 97 науқас бар. «Осылайша вирус жұқтырғандар саны еліміз бойынша 169 099-ға жетті», – деп хабарлайды мамандар.
Коронавирус еліміздің бес өңірінде өршіп тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Қостанай және Атырау облыстары. Осы себепті аталған аймақтарда қауіптіліктің қызыл түсі енгізілді. Бұл қатарда елорда да бар. Ал Алматыда керісінше індеттің таралу қарқыны бәсеңдеп, эпидахуал жасылға өзгерді. Алматы облысы, Солтүстік және Батыс Қазақстан сары аумақ саналады. Бұл тізімге Қарағанды облысы қосылды.