Жаңатастағы өрттің себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды
Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында тұрғын үйден өрт шығып, бес бала қаза тапты. Кәмелет жасына толмаған балалар пәтер ішінде ата-ана қарауынсыз қалған. Алдын ала келіп түскен мәліметтер бойынша, үйдің отағасы жұмыста болған, ал анасы дүкенге шығып кеткен. Түтінге уланған балалар жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, араға біраз уақыт салып, көз жұмды. Оқыс оқиғаның себебін анықтау үшін Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қара жамылған отбасыға жан-жақты көмек көрсетілмек.
Талғат Уәли, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі:
- Өрттің жалпы аумағы 16 шаршы метрді қамтыды. Жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртенген. Өкінішке қарай, 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылғы балалар қайтыс болды. Төрт бүлдіршін жедел жәрдем көлігімен аураханаға жеткізілген бойда жан тапсырса, мамандар бесінші нәрестенің мәйітін өрт орнынан алып шықты.