Өжет қыз-келіншектер шекара қызметін жігіттермен бірдей атқарып жүр
Ол теңіз айлаққа аялдаған кемелерге қызметтік итпен кіріп, тасымалдауға тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексереді.
Гүлбақыт Дауылбаеваның түзеу мекемесінде қызметте жүргеніне 16 жылдан асты. Жолдасымен осы салада жүріп танысқан. Жастайынан заңгер болуды армандаған ол мақсатына жетіп, Долинка елді мекеніндегі түзеу мекемесіне жұмысқа кіреді. Бұл жерде жазасы жеңілдетілген азаматтар отыр. Оларды бостандыққа дайындау – Гүлбақыттың тікелей міндеті. «Мінез-құлқы әрқилы жазасын өтеушілермен бірден тіл табысу оңайға соқпайды», – дейді аға инспектор.
Люк есімді қызметтік ит Иринаның әр бұйрығын мүлтіксіз орындауға дағдыланған. Неміс овчаркасы мұнай танкерлері мен құрғақ жүк таситын кемелерді күнде шарлап, палубадағы жүздеген контейнерді иіскеп шығады. Кинолог иттің әр қимылын бақылап, ол дыбыстап білдірген белгіні тез түсінеді.
Төрт аяқты сенімді серігін жанына еріткен қайсар әйел бірнеше рет заңсыз есірткі тасымалының жолын кесті. Тек биылдың өзінде ирандық паромда есірткі әкеле жатқан жолаушыны ұстады. Жастайынан үй жануарларын жақсы көретін ол осымен 18 жыл жауапты әрі қауіпті қызметте жүр.
Ирина Максимова, кинолог:
- Биылғы 8 наурыз мерекесін маған үйде, отбасыммен бірге тойлау бақыты бұйырып тұр. Бұған дейін бірнеше жыл қызметте, әріптес ер-азаматтар жайған дастархан басында қарсы алатынмын. Маған айтылып жатқан ақ тілектерге қызметтік итім Люк те ара-тұра дыбыс шығарып қосылып тұрады. Өзі сондай ақылды.
Тәжірибелі кинолог Ирина ұжымға жаңадан қосылған жастарға өз білгенін айтып, қызметтік итті баулу тәсілдерін үйретіп келеді. Ендігі арманы – зейнетке шыққан соң Ақтауда әуесқой кинологтар мектебін ашу.
Авторлары: Талғат Исламұлы, Ардақ Қабыханов, Ренат Досалиев