Қазақ жауынгерлерінің сүйегі Ресей жерінен табылды
Марқұм 1941 жылы әскер қатарына Қорғалжын ауданынан шақырылған екен. «Пионер» іздестіру тобы оның сүйегін төсбелгісі арқылы көрші елдің Тверь облысының Ржев ауданынан тапқан. Сүйінші хабарды естіген жауынгердің көзі тірі жалғыз қызы Мәдениет әжейдің қуанышында шек жоқ. Әкесі ұрыс даласына аттанғанда, ол небәрі 3 жаста болыпты. Енді кейуана әке зиратына жетуге асығып отыр. Бұған жергілікті билік өкілдері жәрдемдесетіндерін айтты.
Мәдениет Қаменқызы, Қорғалжын ауданының тұрғыны:
- Әкем Ескендір деген жігітпен соғысқа бірге аттанды. Ол кісі тірі келді. Сонда: «Әкеңе оқ тиді, бірақ өлі-тірісін білмеймін, бір талдың арасында қалды», - деген. Ресейге барып, көргім келеді. Беріп жатса, елге алып келгім келеді.