Хабар телеарнасы

Заман талабына сай цифрлы ипотека іске қосылды

Тың бастама Цифрлық даму, Инновациялар және Аэроғарыш өнеркәсібі, Әділет министрліктерінің қолдауымен жүзеге аспақ.

1 шілдеден бастап елімізде цифрлық ипотека іске қосылды. Freedom Finance банкі ипотекалық несие беру тәсілін түбегейлі өзгертті. Әдетте үй алу үшін 2 аптадан 1 айға дейін уақыт қажет. Ал цифрлы ипотека көмегімен үйді бір тәулікте рәсімдеуге болады. Ол үшін банк бөлімшесіне барып, құжаттарды жинаудың қажеті жоқ.

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. холдингінің негізін қалаушысы:

- Процесс толығымен онлайн болады. Бұл өте тез және ыңғайлы. Дәстүрлі ипотекаға қарағанда жарнасы да төменірек. Біз мүлікті сатып алу процесін смартфонды бөліп сатып алу сияқты жеңілдеттік. Тіпті бір күн ішінде ондаған келісімді рәсімдеп үлгердік. Енді 1 шілдеден бастап бүкіл қазақстандық цифрлық ипотекаға өтінім бере алады.

Ипотека алу үшін сайтта өтінім беріп, формаларды толтыру жеткілікті. Мұны күндіз де, түнде де жасауға болады. Өтінім беруден бастап, жылжымайтын мүлікті бағалау, қарызды рәсімдеуге дейінгі үдеріс түгел автоматтандырылған. Енді ипотека аламын деушілер банк пен халыққа қызмет көрсету орталығында кезек күтпейді. Тек нотариусқа барып, сатып алу шартына қол қояды.

Айдос Жұмағұлов, Freedom finance bank директорлар кеңесі жанындағы кеңесшісі:

- Сатып алғыңыз келетін пәтердің мекенжайын сайтқа енгізсеңіз болғаны, бірнеше секунд ішінде оның қанша тұратынын көре аласыз. Онлайн бағалау жүйесі бар. Ал өтінім беру апта күнін талғамайды. Жексенбі күні кешке өтінім қалдырсаңыз, дүйсенбіде нотариуста мәміле жасай аласыз.

Бүгінде цифрлық ипотека Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында қолжетімді. Оның көмегімен қайталама нарықтан тұрғын үй алуға болады. Ал кредиттеу мөлшерлемесі 11%-тен басталады.

Авторлары: Дана Алиева, Мейрамбек Ахмаханов