ForteBank Black, Blue және Solo картасын қолданысқа енгізеді
Менеджерлер тұжырымдаманы толық өзгерткен. Енді Forte Bank клиенттері қалаған карта түрін таңдай отырып, көрсетілетін қызметтерді де өз қалауы бойынша пайдалана алады.
ForteBank клиенттерге тағы бір қадам жақындай түсті. Біріншіден, қосымшаның дизайны толық өзгерді. Сондай-ақ оған тіркелуде айтарлықтай жеңілдеді. Ол үшін адамдар өзінің бейнесі мен дауысы арқылы жеке басын куәландырса жеткілікті. Әрі қарай банк заманауи Black, Blue және Solo картасының мүмкіндіктерін ұсынады. Мысалы, Black картасы арқылы несие алуға, 3 миллион теңгеге дейінгі тауарды бөліп төлеуге болады. Жалақыны да осы картаға тіркеп, банкоматтан комиссиясыз ақша шешу қарастырылған.
Әсел Чегимбаева, ForteBank карта бизнесі бойынша басшысы:
- Карталарда CVV код болмайды. Бұл – Қазақстан нарығындағы осындай алғашқы тәжірибе. Карта иесінің аты-жөні де көрсетілмейді. Тек номері ғана жазылады. Төлем құралы иесінің жеке құпиясы толық сақталады.
Ал Blue картасының қауіпсіздігі теңдессіз. Оны қолданушылар 1 миллион теңгеге дейін қосымша ақысыз кез келген адамға ақша аудара алады. Бұған қоса әлемнің барлық банкоматынан 500 мың теңгеге дейінгі қаражатыңызды тегін шешіп ала аласыз. Ал үшінші Solo картасы клиенттерге мүлдем басқа деңгейдегі қызметтерді ұсынады.
Владимир Кирушко, ForteBank басқарма төрағасының орынбасары:
- Бұдан былай клиенттердің деңгейін біз емес, өздері анықтай алады. Мысалы, ұшақтағы бизнес немесе эконом санатты адамдар өздері таңдай алады. Сонымен қатар self-collection бағдарламасы жұмыс істейді. Solo картасында уақыты тапшы, іскер азаматтарға қажет маңызды қызметтер бар.
Solo картасы арқылы дәрігер, заңгер және жеткізу қызметінің ақысын төлеу де қарастырылған. Ең бастысы, бұл үш карта тегін қызмет көрсетеді.
Авторлары: Аршын Кемелжан, Валентин Лобанов