СOVID-19: Шымкентте жансақтау бөлімдері науқасқа толы
Соңғы тәулікте жансақтау бөліміне 76 адам түскен. Бақытжан Позиловтың айтуынша, бұл науқастардың дені өзін-өзі емдеп, уақыт өткізіп алған. Көбі жағдайы нашарлап, тынысы тарылғанда ғана жедел жәрдем шақыртқан. Өкініштісі сол, 26 адам қайтыс болды. Қазір жеке клиникалардың базасында қосымша орындар әзірленіп жатыр. Олардың санын 5 мыңға дейін көбейту жоспарланып отыр. Қалада күніне 500-ден астам адам коронавирус жұқтырады.
Бақытжан Позилов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Интернет арқылы немесе басқа да таныстарыңыз арқылы өз бетінше ем алуға болмайды. Науқастар антибиотикті өте көп көлемде алып жатыр. Ол көмектеспейді. Бұл – вирус! Антибиотик бактерияға қарсы болады.