Жаңаөзендегі «Қазақ газ» өңдеу зауытының директоры ұсталды
Сондай-ақ аймақта сұйытылған газды сатумен айналысатын электрондық сауда алаңының басшысы да заң алдында жауап беретін болды. Еліміздің қаржы мониторингі автогаз бағасын негізсіз көтеру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Айта кетелік, «Қазақ газ» өңдеу зауыты Маңғыстау облысын және аймақтардың басым бөлігін сұйытылған көлік отынымен қамтамасыз етіп келеді. Кәсіпорын айына 14,5 мың тонна өнім шығарады. Жауапты ведомство бұл ақпарат бойынша жақын арада түсініктеме беруі тиіс.