Хабар телеарнасы

Бүліктен бизнеске келтірілген шығын көлемі 88 млрд теңгеден асты

Қазір еліміздің 10 өңірінде зардап шеккен 920 кәсіпкерлік субьектісі анықталды. Нысандардың басым бөлігі Алматыда орналасқан.  Сағат таңғы 9-ға дейін арнайы колл-орталыққа 1622 қоңырау келіп түсті. Мыңға жуық шағым мародерлікке, ал 23 қоңырау оқыс жағдайға байланысты шалынған. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.