Хабар телеарнасы

Ақтау қаласында жағдай бірқалыпты

Кеше алаңда сағат 11:00 шамасында болған 100-ге жуық шеруші таңға таяу тарап, жиырмаға жуық адам ғана қалған еді. Қазір алаңда тұрған жалғыз киіз үй бұзылып, ешкім қалмаған. Шерушілер осы күнге дейін 7 күн бойы жолды бөгеп тастаған еді. Қазір жол ашық. Көлік қозғалысы қалпына келген.

Айта кету керек, бүгіннен бастап қоғамдық көлік те өз жұмысын жандандырды. Әуежай да жұмыс істеп тұр. Ақтау қаласынан алғашқы рейс кешкі сағат 20:00-де болмақ. Қолда бар ақпарат бойынша кешкі ұшақтарға билет сатылып кеткен.