Көлік шығынын кім өтейді?
Қазір мүлік иелерін алаңдататын басты сұрақтың бірі осы. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, тәртіпсіздіктер кезінде көптеген жеке тұлғаның автокөлігі бүлінген. Заңгерлердің айтуынша, егер келісімде нақты көрсетілген болса, оның шығынын сақтандыру компаниялары арқылы өндіруге болады. Бәрі сол құжаттың мазмұнына байланысты. Себебі сақтандыру компаниясы және сақтандыру түріне қарай олар әртүрлі рәсімделеді.
Әлия Кұлыбекова, қорғаушы:
- Егер сіздің сақтандыруыңызда қазіргідей ахуалда шығын өтеледі деп жазылған болса, тиісті рәсімдеу түрін жасап, өз шығыныңызды өндіре аласыз. Ал ол туралы келісімде көрсетілмесе, онда сақтандырушы компания сізді жәбірленуші деп санамайды. Кей жағдайларға құқықтық сараптама жасау қажет. Мәселені сот арқылы шешетін сәттерде болады.