Қарағандыда төтенше жағдай режимін бұзған 31 адам қамауға алынды
Тәртіпке бағынбай, «төтенше жағдай режимін» бұзған 31 адам қамауға алынды. Тәртіп сақшылары жүргізген рейд кезінде тыйым салынған 17 зат тәркіленген. Оның ішінде тегіс ұңғылы 9 мылтық бар. Айта кетейік, қазір Қарағанды маңына 8 блок бекет қойылған. Кірген-шыққан көліктердің барлығы жіті тексеріледі.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
- Қарағанды облысында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Қарағанды облысының Полиция департаменті полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарайтын тұрғындарға алғысын білдіріп, тағы да азаматтардан төтенше жағдайдың барлық талаптарын орындауды сұрайды.