Ақтөбеде коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады
Өткен тәулікте ғана 35 адамның ауырғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл көрсеткіш желтоқсан айымен салыстырғанда анағұрлым көп. Өткен жылдың соңғы тәуліктерінде инфекция анықталмаған күндер де болған.
Мұхтар Сербаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Қазіргі жағдайда инфекцияның күрделенуін байқап отырмыз. Оған жаңажылдық шаралар әсер еткен болуы мүмкін. Омикрон штамы Алматыда және елордада табылды, сәйкесінше таралу қаупі жоғары. Соңғы зерттеулер бойынша, бізде дельта және дельта+ штамы анықталып отыр.