Ақмола облысында вирус жұқтырғандар саны артқан
Ауруханаларда 3 мыңнан астам төсек-орын жабдықталған. «Дәрі-дәрмек, вакцинация жеткілікті», – дейді дәрігерлер. Вакцина алуы тиіс халықтың 64% жуығы екпе салдырған. Өңір қазір «жасыл» аймақта. Дегенмен 200-ге жуық науқас коронавирус диагнозымен ауруханада жатыр.
Нариман Сыздықов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Егер өткен аптада осы ауру күніне 30 адамнан анықталса, қазір тәулік сайын 40 шақты адам аталған вирусты жұқтырып отыр. Дегенмен олардың көбі емді үйде қабылдап жатыр. Яғни стационарлардағы жағдай тұрақты. Біз жағдайды бақылап отырмыз.