Хабар телеарнасы

Алматыда лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен тағы 1 678 адам қолға түсті

«Жедел шара барысында 36 қару мен 1 476 оқ-дәрі тәркіленді. Ал қаланың шетінде орналасқан 5 блокбекетте 38 адам ұсталды. Call-орталыққа 136 дабыл қоңырауы түсті», – деді Алматы қаласының коменданты. Қанат Таймерденов тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды. Сондай-ақ араңдатушыларға ермей, тек ресми деректерге сеніп, заң талаптарын қатаң сақтап, жедел жүргізіліп жатқан шараларға түсіністік танытуды сұрады.