Қарағанды облысы: оқыту процесі өзгереді
Сондықтан біліктілікті жетілдіру бағдарламасын жақында қайта қараймыз», - дейді ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Қарағанды облыстық филиалының директоры Серікжан Байбосынов. Бұған қоса жоғары шенділердің, депутаттардың жалақысын 5 жыл бойы өсірмесе, одан үнемделген қаржыға қатардағы қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге мүмкіндік туатынын айтады.
Серікжан Байбосынов, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ҚОФ директоры:
- Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту процесінде өзгерістер енгізілетін болады. Бұл эмоционалды интеллект бағытында, қатаң дағдылар, жауапкершілік, оның ішінде өзгерістерді басқару, топ алдында сөз сөйлеу, халықпен тікелей жұмыс істеу, тұтынушыға бағдарлану деген сияқты тақырыптардың мазмұны өзгертілетін болады.