Шымкентте тәртіпсіздік кезінде көше камераларына зақым келген
Бүлікшілер бейнебақылау құралдарын әдейі сындырып кеткен. Олардың бұл әрекеттері «сергекке» жазылып қалды. Қазір қалада камераларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге салайық, Шымкентте бақылау жүйесі өткен жылдың қараша айында орнатыла бастаған болатын. Оған жергілікті бюджеттен 3 млрд 900 млн теңге жұмсалды.
Мақсұт Исахов, қала әкімінің орынбасары:
- 100-ден аса камера қалпына келтірілді. Қалғандары техникалық бақылау жасап, тексерілуде. Бір айдың ішінде қалған камераларды ретке келтіреміз деп ойлаймын.