Атырауда індет қайта өршіді
Салдарынан облыс «қызыл» аймаққа енді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сақтық шараларын күшейтті. Қоғамдық орындар мен жұртшылық жиі шоғырланатын ғимараттарға маскасыз кіруге тыйым салынды. Қаңтар айы басталғалы облыста 453 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталып отыр.
Жайнагүл Өтепқалиева, облыстық СЭБД бөлімінің бас маманы:
- Симтомды – 77, симтомсыз – 62, медициналық көмекке жүгінген – 74, ауырған адамдармен қарым-қатынаста болған – 4 және профилактикалық мақсатта тексеру кезінде 61 жағдай анықталды. Осыған байланысты облыс «қызыл» аймаққа еніп отыр.