Террористермен күрестің қауіпті кезеңінен өттік
Сонымен қатар Президент үндеуі баршамызды Жаңа Қазақстанды құруға атсалысуға шақырып отыр. Бұл бағыттың астарында қоғамдық-саяси күштердің жұмылып, алға ұмтылуы жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өзінің телеграм каналында жазды.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
- Жаңа Қазақстан дегеніміз не? Бұл – кейбір сарапшылар пайымдағандай мемлекеттік аппараттың жаңаруы ғана емес. Ең алдымен, бұл – қоғамдық құндылықтарға өзгеріс енгізу. Радикализмнен, асыра сілтеуден бас тарту, жасампаздыққа ұмтылу. Қоғамдағы жіктерді жою. Бұл – жүйелі реформаларды жалғастыру деген сөз. Адами капиталды дамытуға басымдық беру.