Хабар телеарнасы

Жамбыл облысында қару жасырылған орын анықталды

автомат

Жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік йір ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды.

ҚР ҰҚК мәліметінше, аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

14 қаңтарда «Қордай» (автокөліктік) өткізу пунктінде жеңіл автокөлікпен келе жатқан Қырғызcтанның «С» деген азаматы ұсталды. Тексеру кезінде көліктің жүк бөлігінен 50 дана литерлік мөрлер, 4 дана шетелдік паспорттар мен 20 дана банктік карталар табылды.

Ұсталған азамат Қордай ауданы бойынша АІІБ-ға тапсырылды.