Хабар телеарнасы

Елде дерт дендеп барады

Елде дерт дендеп барады

Бір елорданың өзінде инфекцияны жұқтыру 32 есеге өссе, Қарағандыда 9 есеге артып отыр. Осылайша, қазір Түркістан облысынан өзге өңірлердің барлығы «қызыл» аймақта тұр. Ауру өскенмен, вакцинация және ревакцинация қарқыны керісінше төмендеп отыр. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты. Дегенмен ауру көбейсе де, соңғы айда өлім-жітім 2,3 есеге төмендеді. Министрдің айтуынша, Омикрон көп жағдайда жеңіл және симптомсыз өтеді. Бүгін Ажар Ғиният вакцинация қарқыны төмен өңірлерді де атады. Маңғыстау мен Қостанай облыстары көш соңында тұр. Ал ревакцинация жасаған қазақстандықтардың саны 800 мыңнан сәл асады. Министрлік ревакцинациялау үшін QazVac, Sinofarm және Pfizer вакциналарын қосымша сатып алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ қаңтар айының соңына дейін Sputnik Lite вакцинасының 150 мың дозасы жеткізіледі