Атырау облысында 261 референдум учаскесі дайын
Қазір комиссия мүшелерін оқыту, олардың біліктілігін арттыру мақсатында семинар-кеңестер, тренингтер ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар шақыру билеттерін тарату жұмыстарына волонтерлер де тартылады.
Референдум өткізуге облыс бойынша 450 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Маңызды науқанға вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылар да қатыса алады. Тіпті шалғайдағы «Қашаған» кен орны қызметкерлерінің де өз таңдауларын жасауға мүмкіндігі бар. Ол үшін арнайы тікұшақ ұйымдастырылады.
Қазір референдумға дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тұрғындар да маңызды науқаннан қалмайтындарын айтады.