ТМД атынан өкілдік ететін 144 байқаушы референдумның өтуін қадағалайды
Орталық референдум комиссиясында бүкілхалықтық дауыс беруге дайындық жұмыстары пысықталды.
Бұл – біздің еліміздегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушыларының 15-ші миссиясы. Осы жолы оның құрамына ТМД Атқарушы комитеті мен Парламентаралық Ассамблеясының, Ресей мен Беларусь парламенттік жиналысының және басқа да бірқатар құрылым өкілдері кірді.
Леонид Анфимов, ТМД байқаушылар миссиясының басшысы:
- Біздің негізгі құрамда ұзақмерзімді бақылаушылар, яғни елшіліктер мен штаб-миссиялардың өкілдері бар. Олар 21 мамырда жұмысты бастап кетті. Қалғандары қалыптасқан тәжірибе бойынша дауыс беруден 2-3 күн бұрын ғана келеді. Ертең тағы да байқаушыларды күтіп аламыз.