Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан жас әлем чемпионы Малика Зиядинге құттықтау хатын жолдады

«Жеті жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында өткен сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, екі бірдей атақты иеленуің – Қазақстанның шахмат тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. Сен тума талантың мен жеңіске деген ерік-жігеріңнің арқасында осындай биік белесті бағындырдың. Қазақстандық шахмат шеберлерінің даңқты жолын лайықты жалғастыратыныңа кәміл сенемін» – деп жазды Президент құттықтау хатында.