Балқашта балық қырылды
«Тиісті органдардың қызметкерлері қайда қарап отыр? Жағадағы балық қабылдаушыларға бәрібір. Олардың бірде біреуінің қағазы дұрыс емес. Табиғат қорғау прокуратурасы көл жағасына келіп, жағдайды неге тексермейді?», - деп ашынды балықшылардың бірі.
Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшылығы мамандары табиғат қорғау прокуратурасы өкілдерімен бірге балықтардың неден қырылғанын анықтау үшін Балқаш көліне аттанып кеткенін жеткізді.
Алмат Суюбаев, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы:
- Кеше балық қырылу факті бойынша тиісті комиссия құрылды. Бұл комиссияның құрамына жергілікті әкімдік, экология департаментінің және табиғат қорғау прокуратурасы мен Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілдері кірді. Қазіргі таңда бұл комиссия жұмыс істеп жатыр. Жұмыстың нәтижесі шыққанда толық ақпаратты ұсынамыз.