Ережені елемегендер жазаланады
Осының әсерінен жанармайды төмендетілген бағамен алуы тиіс отандық техникалар ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Мұндай кәсіпкерлер дүйсенбіде енгізілген жаңа төлем жүйесіне де бағынбай отырғаны байқалады. Бұл туралы Премьер-министрдің басшылығымен өткен отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында айтылды. Енді жауаптылар ережені айналып өтпек болған бекеттерге бақылауды күшейтеді. Тіпті лицензиясын қайтарып алуға дейін жазалауы мүмкін. Одан бөлек, Әлихан Смайылов кей шаруалар мемлекеттен субсидия алғанымен өзінің барлық өнімін шетелге асырып жатқанын айтты. Бұл бірқатар азықтың тапшылығын тудырып, бағаның шарықтауына себеп болды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
-Біз кей шаруалардың субсидия алғанымен барлық өнімін экспортқа шығарып жатқанын көріп отырмыз. Бұл бағаның өсуіне әкеледі. Сондықтан өнімнің бір бөлігі ішкі нарықта сатылуы керек. Мұны өндіріс пен тұтыну көлемінің негізінде анықтау қажет. Дизельдік отын мәселесі де бақылауда. Қазір елде тапшылық байқалмайды. Соған қарамастан ірі тұтынушыларға арнап қосымша жанармай әкеліп жатырмыз.