Мемлекеттік органдардың дер кезінде тиісті шара қолданбауынан жанар-жағармай тапшы
Жиында мемлекеттік органдардың дер кезінде тиісті шара қолданбауы жанар-жағармай тапшылығына әкелгені анықталды. Айта кетейік, енді дизель шетелдіктерге 450 теңгеге саудаланады. Ал қазақстандықтар үшін 230-260 теңге сақталады. Себебі арзан жанар-жағармайды сыртқа тасымалдайтындар көбейіп, ішкі тапшылық туындай бастады. Өңірлерде жанар-жағармай бағаларына мониторинг жүргізу үшін «AMANAT» партиясынан 216 топ жұмыс істеуде. Кеңес мүшелері Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне осы мәселені бақылауды күшейтуді жүктеді.