Елордалықтардың 80% қалаға бұрынғы атауын қайтару туралы ұсынысты қолдады
Мұны жергілікті мәслихат хатшысы Ерлан Қаналимов қоғамдық тыңдау кезінде хабарлады. Шаһардың атауын өзгерту бұрынғыдай көп қаражатты талап етпейді. Мәселен, 2019-шы жылы бұл мақсатқа 30 млн теңге жұмсалған. Ал қазір құжаттардың басым бөлігі электронды форматқа ауыстырылғандықтан, биыл әлдеқайда аз ақша кетеді. Кәсіпкерлерге жаңа мөр жасатудың еш қажеті жоқ. Бүгінгі мәслихат отырысында депутаттар Астана атауын қайтару туралы бастаманы бірауыздан қолдады. Енді бұл мәселені республикалық ономастикалық комиссия қарайды. Кейін Үкімет тиісті шешім қабылдаса, құжат Президенттің қол қоюына жіберіледі.
Ерлан Қаналимов, қалалық мәслихаттың хатшысы:
-Жұмыс істеп отырған кәсіпорындарға мөрлерін ауыстыруға міндет емес. Тек қана қайта тіркеу немесе қайта құру кезінде ғана мөрді ауыстыру қажет болады.