Павлодар облысында жол апатынан екі бала көз жұмды
Көлік ішіндегі тағы төрт бала мен екі ересек адам ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың жағдайы тұрақты.
Естеріңізге сала кетейін, апат кеше түнде болған. Астанадан Өскеменге бағыт алған жолаушылар автобусы Қалқаман ауылының маңында аударылды.
Жасқайрат Қайыров, облыстық ПД бастығының орынбасары:
–«Қызылорда-Павлодар» тас жолының Достық ауылының қасында 31 жасар Toyota жүргізушісі рульді басқара алмай, жол жиегіне аударылды. Салонның ішінде 11 адам болды, соның ішінде алтауы кәмелетке толмаған. Бесеуі – ересектер. Олар бір-бірімен туыс болады. Қазір тексерулер жүргізіліп жатыр.