Абай облысы Бесқарағай ауданындағы кейбір ауылдарда өрт сөндіру техникасы жоқ
Сондай елді мекендердің бірі – Кривинка. Қазір мұндағы жалғыз техника сынып тұр. Ал оны жөндеуге бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Сондықтан тұрғындар төтенше жағдай кезінде өздері шелек алып жүгіреді. Өйтпеске амал жоқ. Бірақ олар аудан орталығынан жеткенше кеш болады. Екі аралық 100 шақырым. Жалпы жыл басынан бері Бесқарағай ауданында 140-қа жуық өрт тіркелген.
Алмас Тастенбеков, Бесқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы:
-Өрт сөндіру техникаларын сатып алуға мүмкіндік болмай тұр. Жақын арада осы жаңа облыс құрылып жатыр. Соған тағы да осындай тірек пунктерді қамтамасыз етуге және де арнайы өрт сөндіру техникаларын сатып алуға 2023 жылға бюджеттік өтінім жасап жатыр.