Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлері арасында спартакиада басталды
Сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген екі топ бақ сынайды. Әуелі ақ халаттылар жоғары технологиялық жабдықтармен қамтылған симулияциялық орталықтың мүмкіндігімен танысып, тәжірибе алмасты. Екі күнге жоспарланған шарада қатысушыларға түрлі тапсырмалар беріледі. Мамандар шұғыл әрекет ету арқылы біліктілігін паш етуі тиіс.
Нұрлыбек Асылбеков, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
-Жүрекке байланысты, жарақатқа байланысты сынықтар осы төрт түрінен өткізіледі. Енді бұның ішінде фельдшерлер, дәрігерлер өздерінің біліктілігін арттырады. Араларындағы жарыс арқылы жедел жәрдемді уақытылы көрсетуді, сапалы көрсетуді шыңдайды