Петропавлдық кәсіпкерлер бірнеше жылдан бері ақшаларын ала алмай жүр
Қазір жиналып қалған берешек шамамен 1 млрд теңге. 30-ға жуық бизнесмен тіпті сотқа да жүгінген. Құзырлы орган олардың ақшаларын қайтару туралы шешім қабылдағанымен, коммуналдық мекеме асығар емес. Себебі олардың шоттары бұғаттаулы. Ашынған кәсіперлер қалалық әкімдікке жиналып, мәселені шешіп беруді сұрады.
Бағлан Ысқақов, кәсіпкер:
- Әкімшілік атқарған барлық жұмысты қағазға қол қойып қабылдады. Бақылау жасады. Екі жыл өтті, ақшамызды күтіп жатырмыз. Сотқа бергеннің өзінде ақша жоқ, төленбейді. Кредит те қалды, налог та қалды. Жұмысшылар жұмыссыз қалды. Айлық төлеу керек. Бүкіл техника арестта. Енді мен не істеуім керек?
Асқар Хабибулин, қала әкімінің орынбасары:
-Ол қаржыны төлеу үшін «Коммунхоз» қалалық ЖКХ-ны сотқа беруі керек. Соттың шешімі болса бюджетте ақша бар. Ол қаржы бөлініп, сол «Коммунхозға» төленіп, қарыздар жабылады. Бірақ та «Коммунхоздың» шоттарында арест тұр. Оны шешпей сотқа бере алмайды.