Хабар телеарнасы

ШҚО-да мал азығы өртеніп кетті

Биыл шаруа қожалықтарының 800 тоннадан астам шөбі жанып кеткен. Жаз бойы 18 өрт тіркелді. Жақында Зайсан ауданында 3 тіркеме мал азығы күлге айналды. Ал мамандар: «Шаруа қожалықтарында өрт қауіпсіздігі сақталмайды», — дейді. Мәселен, шөп электр сымдарына жақын жерге жиналады және оның маңы жыртылмайды.