Ақтөбеде 42 оқушыға манту сынамасының орнына туберкулезге қарсы екпе салынған
Салдарынан вакцина алған балалардың қолы қызарып, ісіп, іріңдеп кеткен. Бұл мәселеге қатысты қазір прокуратура қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы арнайы комиссия құрған. Балалар иммунолог, инфекционист мамандардың бақылауында. «Екпе олардың денсаулығына қауіп төндірмейді», — дейді облыстық бас дәрігер.
Рүстем Исаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
-Дәрігердің 41 жыл еңбек өтілі бар, медбикенің 34 жыл өтілі бар. 3 жыл осы мектепте жұмыс жасайды. Сондықтан біздер енді ешқандай неге қарамастан, бірінші осы дәрігер мен медсестраны жұмыстан босатамыз.
Райхан Қойшанова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
-Біздің департаменттен медициналық мекемеге қатынасты тексерістер басталды. Ол бойынша тиісті шаралар қолданады, құқықтық органдарға барлық материалдар жолданады.