ЕАЭО аясындағы сауда айналымы 4% артты
Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин: «Дайын тауар жіберуге еш кедергі жоқ. Бірақ Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі әлсіз болғандықтан, басқа мемлекеттерге ұсынарымыз аз», — деді ол. Соған қарамастан еліміз одақ аясындағы жұмысын жалғастырады. Сенаторлар Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелерінің қызмет мерзімін 5 жылға дейін ұзарту туралы бастаманы қолдады. Жаңа заңның жобасына сәйкес бұл азаматтар 3 жылда бір рет аттестаттациядан өтеді.
Серік Жұманғарин ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі:
-Біздің жіберетініміз шикі тауарлар. Ішінде мұнай, газ, басқа шикізат. Неге олай болатынын бәріміз білеміз. Енді өзіміздің өндірісімізді өңдеу керек, дамыту керек. Қазақстандікін алмау керек деген сынды ешкім нақты қазіргі уақытта кедергілер мен тосқауылдар салмайды.