Ел кәсіпкерлеріне қысым азайды
Ал Қаржылық мониторинг агенттігі кәсіпкерлерге қатысты ай сайын 150 іс қозғайтын болса, қазір қылмыстық істер 4 есе кеміген. Себебі бизнес субъектілеріне қатысты істер енді прокурорларға жүктеледі. Олар 24 сағат ішінде заңбұзушылықтарды анықтауы тиіс. Осылайша, 1,5 жылдың ішінде прокурорлар 35 мың кәсіпкерге 1,5 млрд теңге көлемінде салынған айыппұлдардың күшін жойды. Заңсыз қозғалған 400-ден астам қылмыстық іс тоқтатылды.
Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас Прокурорының орынбасары:
-Күніне 4-5 қылмыстық іс қозғалып тұрған. Осы нұсқаулыққа дейін кәсіпкерлерге қатысты. Қазіргі таңда ары кетсе бір ғана қылмыстық іс қозғалып жатыр. Көбінесе қозғалған қылмыстық істердің барлығы осы нұқсауға дейін тергеудің нәтижесімен істің құрамында қылмыс белгілері болмауына байланысты қысқарып отырған.