Хабар телеарнасы

Алматыда кәсіпкерді ұрлағандар оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады. Көп кешікпей тәртіп сақшылары қылмыстық топты ұстады. Бұрын бопсалау және бұзақылық үшін сотталған күдіктілер 40 жастағы алматылық азаматты Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешенінің маңынан ұрлап кеткен. Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, тез арада арнайы жедел тергеу тобы құрылып, тұтқындағы кәсіпкер босатылды. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, мән-жай тергеліп жатыр.