Абай облысындағы «Еңлік-Кебек» кесенесі жаңартылды
Шыңғыстаудағы кесене алғаш рет 60 жыл бұрын жөнделген. Осы жолы да зираттың ауласы абаттандырылып, қос ғашыққа арналған ескерткішке қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жүрек формасындағы арт кескіндеме орнатылды. Нысанның ашылу рәсіміне келген көпшілік назарына театрландырылған көрініс ұсынылды.
Нұржан Әбдікәрімов, Абай ауданының әкімі:
- Жергілікті бюджеттен 13 млн қаражат бөлінді , мына мүсінді жасағанға 20 млн қаражат бөлінді. Нәтижесін көріп отырсыздар. Енді бүгінгі күні бүкіл жастарымыз осы жерге келіп, тағзым жасайды. Бүгінгі күні бұл «Еңлік пен Кебектің» махаббат символы.